{metadescription}
Алматы мен Астанада ыстың мөлшерін анықтайтын құрылғылар орнатылып жатыр
Алматы мен Астанада ыстың мөлшерін анықтайтын құрылғылар орнатылып жатыр

Алматы мен Астанада ыстың мөлшерін анықтайтын құрылғылар орнатылып жатыр

Әрбір үйдің қауіпсіздігі - басты назарда. Елімізде пеш жағатын көпбалалы отбасылар, жалғызбасты қариялар мен мүмкіндігі шектеулі жандардың үйлеріне арнайы құрылғылар орнатылуда. Көміртегі тотығын анықтайтын аппарат ауадағы ыстың мөлшерін анықтайды. Төтенше жағдайлар қызметінің мамандары осы арқылы өрттің алдын аламыз дейді.

Елордада жеке сектордағы қауіпсіздікке бақылау күшейтілген. Себебі, мұнда қыс 6 айға созылады. Бүгін  Байқоңыр ауданында пеш жағатын көпбалалы отбасылардың кейбіріне арнайы құрылғы орнатылды. Бұл - көміртегі тотығын анықтайтын аппарат. Ыстың иісін сезсе сол сәтте сұр не қара түске боялады. Төтенше жағдайлар қызметі Байқоңыр ауданында - 70, ал Сарыарқа ауданы бойынша 1000 құрылғыны жер үйлерге орнатпақ ниетте.

Еркін Отарғалымұлы, Байқоңыр ауданы ТЖ басқармасының басшысы:

-Басты біздің көздейтініміз халықтың қауіпсіздік мәдениетін жоғарлату. Себебі, өкінішке қарай, көп жағдайларда қауіпсіздік шараларын сақтамай, қарапайым қауіпсіздік ережелеріне мән бермей, көп жағдайларда осындай қайғылы оқиғаларға, өрт фактісіне, иіс тиюге жол беріп жатады.

Жер үйлердің көбіндегі өрт жұрт шырт ұйқыда жатқанда тұтанатыны белгілі. Аппарат төте сезімтал. Дер кезінде дабыл қағып, қайғылы жағдайдың алдын алады. Оны орнату барысында мүмкіндігі шектеулі жандар, жалғызбасты қарттар мен көп балалы отбасыларға басымдық беріліп отыр. Солардың бірі  Ерлан Елеуов. Немерелерімен бірге тұратын қария 17 жылдан бері көмір жағады екен.

Ерлан Елеуов, Алматы қаласының тұрғыны:

-Жылына бір рет тазалап тұрамын мұржаны. Қыстың күні қиналмас үшін. Небір үйлер өртеніп жатыр, осындай жағдай болса бұрыннан қойғанда өртенбес еді ол үйлер.  

Сандуғаш Баймұхамбетова, Алматы қаласы ТЖД ресми өкілі:

-Оның дыбысы үлкен ол 85 децибель оны естімей қалу мүмкін емес. Айтылған құрылғы от жағатын бөлмеде тіпті десеңіз көмір жағатын бөлмеге ғана орнатылады.

Мамандардың айтуынша, ауадағы қышқыл газдың мөлшерін анықтайтын құрылғының бағасы 6 мен 10 мың теңгенің аралығында.

Жалпы Алматы қаласы бойынша 145 мыңнан аса жер үй тіркелген. Дегенмен олардың барлығына арнайы құрылғы орнатылмайды. Соған қарамастан өрт қауіпсіздігіне жауапты мамандар әр қақпаны қағып мынандай нұсқаулықты таратып жүр. Мұнда өрт қауіпсіздігі ережелері жан-жақты түсіндіріліп жазылған.

Сақтансаң сақтайды. Алматыда жер үйде пеш жағатын отбасыларға құрылғыны орнату қыркүйекте басталған. Қазір қала бойынша қолданыстағы құрылғының саны 136. Аталған жұмыс жылу маусымы біткенше жалғасады. Көпшілікті өрт қауіпсіздігіне баулитын әрі сақтандыратын кешенді шара Шымкент қаласы, Павлодар, Ақмола, Ақтөбе, Атырауғ, Маңғыстау, Шығыс және Солтүстік Қазақстан облыстарында да жүргізілуде.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде