{metadescription}
Суық пәтерден безген жұрт туыстарын жағалап кетуге мәжбүр
Суық пәтерден безген жұрт туыстарын жағалап кетуге мәжбүр

Суық пәтерден безген жұрт туыстарын жағалап кетуге мәжбүр

Семейде он қабатты үй тұрғындары қақаған қыста жылуға жарымай отыр. Себебі, баспана ішіндегі жылу 15 градустан жоғары көтерілмейді. Ал аяз қысқан мезеттерде бұл температура одан сайын төмендеп кетеді. Жұрттың сөзінше, жылу қазандықтан дұрыс берілмей жатыр екен. Ал жауапты мекеме кінәрат тұрғындардан дегенді айтады.

Мына он қабатты баспанадағы 30 пәтердің тұрғындары қысқа әзірлену үшін қалталарынан қаражат шығарған. Олар пәтерлерінің шаршы метріне сәйкес, 15 мыңнан 22 мың аралығында жинастырыпты. Ал, сол жиналған ақшаға пәтер иелері кооперативінің төрайымы жылу жүйесінде тозығы жеткен құбырларды ауыстырған екен.

Әйтсе де, жұрт қытымыр қыста жылуды үйден емес, даладан іздеп жүр. Өйткені, баспаналарының ішіндегі температура аяз қысқан сәттерде 10 градустан аспайды. Соның салдарынан, кейбір тұрғындар жылу іздеп, туған-туыстарын жағалап кеткен.

-Кішкентай қызым бар. Тонып ана жақ бөлмеде отырады жамылып.

Осылайша жұрт үйлерін жылытуға тоқпештерді қолдануда. Соның өзінде, баспана ішіндегі жылу жаңаға медеу болып жарытпайды. Сондықтан амалы таусылған олар қабат-қабат киініп жүруге мәжбүр. Алайда, берілмеген жылумен қоса, жарыққа да қыруар қаржы төлеп отырмыз деп наразы.

Ғафур Ақылбеков, Семей қаласының тұрғыны:

-9 мың. Не үшін төлеп отырмыз? Квартирамыз 14-12 градусғана. Өткен аяздарда мүлдем суып кетті үйдің іші.

Енді бүрсең қаққан тұрғындар барлық кінәрат жылу қазандығында дейді. Себебі, қазандықтан келетін жылу батареяны қыздырмайды екен. Ал, бұған жауапты мамандар тұрғындардың өзін кінәлап отыр. Олардың айтуынша, жылу жүйесіне қойылған талаптар бұзылған.

Жұман Мусин, «Жылукоммунэнерго» мекемесі жылу инспекциясының бастығы:

-Батареяның ішін тот басады. Соныдықтан оны тұрғындар тазалап отыруы қажет. Бірақ, олар олай істемейді. Керсінше, жаңадан әкеліп қасына қосымша жалғай береді. Мұндай артық батарея жылудың жетіспеушілігіне әкелеп соғады дегенді түсінбейді.

Сондай-ақ, комуналдық қызмет өкілдері баспананың қабырғасы тым жұқа екенін айтады. Және де жылу құбырларын пластикқа ауыстырған тұрғындарға, қайтадан темірден қою керек деп ескертті. Ал, бұл оқылықтардың орнын толтыру үшін жұртқа жазға дейін шыдаудан басқа амал жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде