{metadescription}
Шымкентте бесем дүниеге келді деген ақпарат жалған болып шықты
Шымкентте бесем дүниеге келді деген ақпарат жалған болып шықты

Шымкентте бесем дүниеге келді деген ақпарат жалған болып шықты

Қазнетті дүр сілкіндірген бесем туралы ақпарат жалған болып шықты. Әлеуметтік желілерді шулатып, Түркістан облысында бір ананың 5 сәби босанды дегені бәзбіреулердің әзілі ғана екен.

Мира Сүлейменова, Түркістан облысы денсаулық сақтау департаментінің ресми өкілі:

-Әлеуметтік желілерде тарап жатқан Түркістан облысында бесемдер дүниеге келді деген ақпарат ол шындыққа жанаспайды. Әзірге біздің рекордымыз үшемдермен шектеліп тұр. Бесемдер дүниеге келіп жатса, оған дайындалып жатса аяғы ауыр әйелдер міндетті түрде алғашқы болып, өзіміз хабарлаймыз мұндай жаңалықты.

30 жастағы келіншек 5 сәбиді дүниеге әкелді деген ақпарат жексенбі күні әлеуметтік желілерде желдей есіп, ғаламторды жайлаған болатын. Өз парақшасында белгілі өнер жұлдыздары мен қоғам қайраткерлері пікір жазып, мыңдаған адам лайк басқан соң жағымды жаңалықтан ешкімнің күмәні де болмаған. Бірақ жақсы жаңалық жәй фейк болып шықты.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде