{metadescription}
Алматыда жоғалған студенттің денесі табылды
Алматыда жоғалған студенттің денесі табылды

Алматыда жоғалған студенттің денесі табылды

Осыдан тоғыз күн бұрын үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған Әлихан Қапановтың мәйіті тауда жатқан екен.  

Телефоны сөндірулі жігітті туыстары табанынан таусылып іздеген. Бауырлары әлеуметтік желіге суретін жариялап, жұрттан көмек сұраған болатын. Із-түссіз кеткен студенттің мәйітін тауда серуендеп жүрген туристер тапты. Алма Арасан шатқалында шыршалар арасында үсіп қалған көрінеді. Мәліметтерге қарағанда, 24 жастағы Әлихан Қапанов  жоғалар алдында өз еркімен өтініш жазып, оқудан шығып қалған.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы полиция департаменті ресми өкілі:

-Болған оқиғаның толық мән-жайлары және себеп-салдары анықталатын болады. Қазіргі таңда іздестіру ісінің аясында тексеру жұмыстары жалғасуда. Азаптау және қинау, қандай да бір қылмыстылық белгілері табылған жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде