{metadescription}
Шымкентте снарядты бөлшектемек болған екі жігіт жарылыстан зардап шекті
Шымкентте снарядты бөлшектемек болған екі жігіт жарылыстан зардап шекті

Шымкентте снарядты бөлшектемек болған екі жігіт жарылыстан зардап шекті

Шымкентте жер үйлердің бірінде жарылыс болды. Қаланың шетіндегі Забадам ықшамауданында болған жарылыс салдарынан екі адам ауыр халде ауруханаға түсті. Оқиға орыны таңертеңнен бері қоршауға алынып, ол жерде полиция, төтенше жағдайлар мамандары мен тіпті арнайы қызмет өкілдері жұмыс істеп жатыр.

Сәлима Өскенбаева, оқиға куәгері:

- Бір бомба сияқты атылды. Қорқып кеттік. Ойбайлап далаға атып шықты. Бұл он жарымдардың шамасы болатын.

Оқыс оқиға болған баспана жас отбасыға тиесілі деседі. Әскерилер оқиға орнынан біршама уақыт снарядқа ұқсас заттарды көлікке тиеумен болды. Ішкі істер министрлігі расымен де оқиға орнынан артилериялық снарядтар табылғанын айтады. Құзырлы орын мәліметінше, зардап шеккен тұрғын метал қабылдау орталығына өткізу үшін снаряд гильзасын арамен кеспек болыпты. Сол сәтте жарылыс орын алған. Зеңбірек оқтары Арыс қаласынан әкелінгенген екен. Қазіргі таңда қылмыстық іс қозғалған. Ал, зардап шеккен 36 және 21 жастағы екі азаматқа шұғыл түрде ота жасалды. Әсіресе, біреуінің жағдайы өте ауыр дейді дәрігерлер.

Сәбит Байбосынов, дәрігер:

- 1984 жылғы науқас түскен кезде сол аяғының жарақаттан кейінгі ампутациясы, сол қолының жарақаттан кейінгі ампутациясы, сүйектерінің ашық сынуы болды. Жарақат шовымен жедел түрде операция бөліміне алынды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде