{metadescription}
«Әр балаға 20 мың»: Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін
«Әр балаға 20 мың»: Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін

«Әр балаға 20 мың»: Көпбалалы аналарға берілетін жәрдемақы көлемі ұлғаюы мүмкін

Бұл туралы бүгін қаржы министрі Әлихан Смайылов хабарлады. Министрдің айтуынша, дүниеге келген әр бала мен оның 1 жасқа дейінгі күтіміне берілетін жәрдемақы мөлшерінің қаншаға өсірілетінін қазір Үкіметте құрылған жұмыс тобы есептеп жатыр.

Қазіргі тәртіп бойынша, бала босанғанда бір реттік көмек 3 балаға дейін 95 мың теңгеден беріліп отырады. 4 баладан әрі қарай 159 мың теңге. Бала күтімі бойынша, ата-анасы жұмыссыз болса, жәрдемақы көлемі 1 жасқа дейін 14500-20500 теңге аралығында болады. Енді осы төлемдердің мөлшері көбейіп, жас мөлшері 1 жастан асуы мүмкін. Бірақ ақша қаншаға, жасы нешеге өсетіні әзірге белгісіз. Айта кетсек, жуырда Президент тапсырмасымен Үкіметте көпбалалы аналарға қолдауды күшейту жөнінде жұмыс тобы құрылған болатын. Олар Елбасы тапсырмасын орындау бойынша екі айдың ішінде кешенді шаралар қабылдауы тиіс.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

-Қазір бөлініп жатқан қаражат жеткіліксіз. Сондықтан жыл сайын тиісті өзгерістер енгізіледі. Осы көзделген қаражаттың шеңберінде тағы да тиісті ұсыныстарды беретін боламыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде