{metadescription}
Shoqan.kz:  Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректер цифрлық жүйеге көшірілді
Shoqan.kz:  Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректер цифрлық жүйеге көшірілді

Shoqan.kz:  Шоқан Уәлиханов жайлы құнды деректер цифрлық жүйеге көшірілді

Қазақтың зерттеушісі, ғалым  Шоқан Уәлиханов жайындағы құнды деректер енді қолжетімді. КТК телеарнасы ғалымның өмірі туралы мәліметтерді мультимедиялық порталға топтастырды. Осы күнге дейін жазба күйінде сақталған құжаттар цифрлық жүйеге көшірілген. Қысқа ғана ғұмырында қазақ қоғамына өлшеусіз үлес қосқан Шоқанға қатысты тың дүниелерді сайттан оқып, жүктей аласыз. Тарихи мұраны сандық жүйеге өткізуге Kaspi.kz демеушілік етті.

Шоқан Уәлихановтың тағдыры мен мұрасы - күллі қазақтың мақтанышы. Ғұмырында жұмбағы да мол. Оның әлемін түсінгендер аз. Жас ғалымның сан саладағы атқарған еңбектерімен shoqan.kz порталы арқылы танысуға болады. Тарихи құжаттар, хаттар, зерттеулер, экспедициялар мен карталар  барлығы қолжетімді.

3 мемлекетте 30 тәулікке созылған түсірілім. Күніне 12 сағаттан аса тынымсыз еңбек. Осының барлығы Шоқан болмысын терең тану үшін қажет. Жоба авторлары Шыңғыс ұрпағының беймәлім қырларын зерттеу үшін аянған жоқ. Порталдың тағы бір міндеті - деректі фильм арқылы Шоқанның жаңа қырын көпке паш ету.

Срайыл Смайыл, КТК телеарнасы қазақ тіліндегі публицистикалық бағдарламалар бөлімінің жетекшісі:

- Бұрынғы тарих кітаптарында Шоқан бұл көбінесе қазақ пен орыстың достығының дәнекері ретінде сипатталды. Бұл фильмде Шоқанды басқа қырынан көрсетуге тырыстық. Сол жағынан көбірек тоқталдық деуге болады. Шоқан туралы фильм тарихты таразылап оны толықтыруға себепкер болары анық.

Шоқанның жолы  тұтас дәуірдің шежіресі. Сондықтан шығармашылық топ оның ата қонысы Сырымбеттен бастап Омбы мен Санкт-Петербургке дейін барып қайтты. Ал, Қашқария  Шоқанның шоқтығын биік ететін сапар. 22 жасында көпес ретінде құпия өлкеге барып, зерттейді. Артынша Петербургке оралып, зиялы қауыммен етене араласқаны белгілі. Осында Омбыда бастаған қазақтардың тарихы, этнографиясы туралы очерктерін жазды. Алайда жарыққа шығарып үлгермеді. Қазақ ғалымы Петербургте 1 жыл ғана тұрды. Қаржы  жетіспеді. Бұған әкесінің ұлына жазғаны хаты дәлел. Кейін дерті дендеп елге қайтты.

Саған айтар ақылым: Петерборда бос мақтан үшін ақшаны бекерге шашпа. Біздің жағдайымызды да түсін. Қаражатымызға қарай жылына 1000 рубль ғана жібере аламын.

Санкт-Петербургтегі шығыс қолжазбалары институты. Шоқан мұраларының түпнұсқасы осында сақтаулы. Әрқайсы құнды дерекке бай. Кейбірін қолмен ұстауға рұқсат жоқ.

Мақпал Мусина, тарихшы, «Шоқан Санкт-Петерборда» кітабының авторы:

- Әрине, ол қайсыбір жағынан алып қарасақ та, артық адам болды. Өз білімімен бәріне кедергі келтірді. Ол өте ақылды болатын. Көп білетін. Тарих пен тәжірибе көрсеткендей, мұндай адамдар әдетте керек болмай қалатын.

Бұрын тарихи жәдігермен танысу үшін шетел асып, мұражай мен кітапханаларды аралау керек болатын. Сандық жүйеге көшірілген құжаттар мұндай машақатты азайтты. Kaspi.kz компаниясының демеушілігімен жасалған мультимедиалық порталддан қызықтырған мәліметтерді оқу да, көшіру де ыңғайлы. Банк бизнестен бөлек, тарихи құндылықтарды қолдауда да белсенді. Ал, Шоқан жайлы деректі фильмді арнамыздан  23 ақпанда кешкі 20:00-де эфирден көрсетеді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде