{metadescription}
Оқушының құдыққа құлап өлуіне жол бергендер сөгіспен құтылды
Оқушының құдыққа құлап өлуіне жол бергендер сөгіспен құтылды

Оқушының құдыққа құлап өлуіне жол бергендер сөгіспен құтылды

Астанада 13 жасар баланың кәріз құдығына құлап өлуіне жол бергендерге ауызша ғана ескерту жасалды. Елорда әкімі Бақыт Сұлтанов қайғылы жағдайдың Алматы ауданында жарты жыл өтпей қайталанып жатса да, жұмысына салғырт қарағандарға қатаң сөгіс жариялаумен шектелді. 

Бақыт Сұлтанов, Астана қаласының әкімі:

- Алматы ауданының әкімі Сәрсенбаев Әділбек Зейноллаұлына, Отын энергетика кешені және коммуналдық шаруашылық басқармасының басшысының орынбасарына Алексеев Игорь, «Астана су арнасы» ММ басшы Зенол Қабден Табиғат, «Кәріз» мемлекеттік мекемесінің басшысы Сұлтанбаев пен Алматы ауданы кәріз учаскесінің басшысы Власиенкоға қатаң сөгіс жарияланады.

Естеріңізге сала кетейік, Астанада ұшты-күйлі жоғалған 13 жасар Бақдәулет Өмірханның жансыз денесі үйінен небәрі 150 метр жердегі құдықтан табылды. Сырғанақ тебуге шығып кетіп қайтып оралмаған 7-сынып оқушысын туыстары, полицейлер мен еріктілер бірнеше күн бойы іздеген. Ақ жағылардың салғырттығынан үш ай бұрын ғана тағы бір оқушы қыз құдыққа құлап қаза тапқан еді. Сол кезде де Астана әкімі жауаптыларға тек ескерту жасаған. Бірақ сөгістен сабақ алып жатқандар байқалмайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде