{metadescription}
Алматыда полиция қызметкеріне шабуыл жасалды
Алматыда полиция қызметкеріне шабуыл жасалды

Алматыда полиция қызметкеріне шабуыл жасалды

Ұрланған телефондарды алып сататындар полициядан қаймықпайтын болған. Алматыда байланыс құралдары сатылатын жерлерді тексеру кезінде сондай алып-сатарлардың бірі  тәртіп сақшысына тап беріп, кеуде тұсына пышақ сұғып алды. Абырой болғанда, оны оқ өтпейтін кеудеше құтқарып қалды.

Әлеуметтік желіге таралған мына кадрлерде құқық қорғау органының қызметкерлері алыпсатардың ізінен қуа жөнеледі. Із суытқан азамат көп ұзамай қолға түсті. Ол ұсталған сәтінде суық қарумен полицейге шабуыл жасаған екен. Қамауға алынған азаматтың көлігінің ішінен және сауда нүктесінен 200-ден астам ұрланған телефон тәркіленді. Алып шаһарда құжаты жоқ қымбат гаджеттерді сатып, пайда табатын пысықайлар қаптады. Жыл басынан бері ірі орталықтарда қолды болған ұялы телефондарды емін-еркін саудалаған 7 адам ұсталыпты. Олар байланыс құралдарын көбінесе  арзан бағаға көрші Қырғызстанға жөнелтеді.

Салтанат Әзірбек, Алматы қалалық Полиция Департаментінің ресми өкілі:

- Екі  күн бұрын тағы да осындай тәсілмен нан тапқан азаматтар құрықталды. Олардан 100-ге жуық ұялы телефон тәркіленген. Бұл телефондардың нағыз иелерін анықтауға бағытталған іс-шаралар қолға алынды. Өз телефонын таныған азамат болса, құжаттары арқылы телефонын қайтарып ала алады.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде