{metadescription}
Ақтау билігі жұмыссыз жүрген тұрғындардың қытығына тиді
Ақтау билігі жұмыссыз жүрген тұрғындардың қытығына тиді

Ақтау билігі жұмыссыз жүрген тұрғындардың қытығына тиді

Олар бос орындар жәрмеңкесі өтеді деп жұртқа хабарлағандыру берген. Екі қолға күрек таппай, жұмыс бұйыра ма деп жеткен жұрт жәрмеңке өтуі тиіс жердегі жабық есікті көріп ашуға мінді.

Әдел Базаралиева Ақтау қаласының тұрғыны:

Бос жұмыс орындар жәрмеңкесі өтеді деген хабарламаны таптым. Анам екеуміз келгенбіз. Екеуміз де жұмыс таппай жүрміз. Бос орындар жоқ. Еш жерге алмайды. Енді осыған үміттеніп келсек, есіктері тарс жабық.

Дегенмен кейінірек жәрмеңке ақыры өткізілді. Тұрғындарды сабырға шақыруға келген қала әкімі оларға қоғамдық көлік алдырып, жәрмеңке өтетін жерге жеткізді. Шенеуніктердің айтуынша, Маңғыстау облысы мен Ақтау қаласында бос жұмыс орындары тапшы. Сондықтан жәрмеңкеге Солтүстік, Шығыс Қазақстан, Павлодар және Қостанай облыстарынан жұмыс берушілері келу керек болған. Алайда ұшақтың кешігуіне байланысты жәрмеңке уақтылы басталмаған екен. Сондықтан олар жеткенше Маңғыстау өңірінде бар бірен-саран жұмыс орындарын ұсынып елді алдаусыратудан басқа амал таппадық дейді.   

Әсет Шопанов, Маңғыстау облыстық еңбек және әлеуметтік қорғау басқармасының маманы:

- Бұл жәрмеңке жұмыс бар облыстарға қоныс аударушыларға арналған болатын. Елдер мұны осы өңірдегі бос жұмыс орындар жәрмеңкесі екен деп қалған ғой. Сондықтан жұмыс берушілер келгенше  Маңғыстау облысында бар бос жұмыс орындарының тізімін беруге тура келді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде