{metadescription}
Семейдің шетіндегі саяжайларды су басып жатыр
Семейдің шетіндегі саяжайларды су басып жатыр

Семейдің шетіндегі саяжайларды су басып жатыр

Аяқ асты күн жылынғандықтан жер асты сулары көтеріліп кеткен.

Сафура Бакимова, Мирный кентінің тұрғыны:

Погребтің асты су. Картошкі қоя алмаймыз. Қайта-қайта сүртіп жатырмын. Ешқайда барғам жоқ. Екі жыл болды. Былтыр барғанымда қуып шықты. Балаларыңның үйіне бар дейді.

Бүгінде көшеге жайылған судың деңгейі жарты метрге көтерілген. Тіпті, ойлы жерде тұрған саяжайлар мүлдем су астында қалды. Ал, жұрт кешеден бері тиісті мекемелерге қоңырау шалумен болдық дейді. Әлі күнге дейін оқиға орнына коммуналдық қызметтегілер келмеді деп ашулы. Сондықтан, олар бітелген арықтарды тазарту үшін кімнен көмек сұрайтындарын білмей дал. Ал ондағылар тұрғындардың өздерін кінәлап отыр. Тоғанды бітеме деген ескертулеріне ешкім құлақ аспаған. Кейбіреуі су ағатын арықтың үстіне үй тұрғызса, енді бірі арыққа құрылыс материалын төккен.

Асан Дүйсенбаев, Семей қалалық ТКШ бөлімінің сектор меңгерушісі:

- Бір тұрғын шлакты тура арықтың үстіне төгіп қойған екен. Оны полиция қызметкерлері іздестіріп жатыр. Ол, бұл бассыздығы үшін әкімшілік жауапқа тартылатын болады. Ал, қазір су басқан саяжайларда коммуналдық қызметкерлер жұмыс жүргізуде.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде