{metadescription}
Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды
Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Облыс әкімінің бұрынғы орынбасары қамауға алынды

Қарағандыда сот шешімімен облыс әкімінің бұрынғы орынбасары Жандос Әбішев 2 айға қамауға алынды. Экс-шенеунік мүгедектердің арбасына бөлінген ақшаны жымқырған деп айыпталып отыр. 

Әлеуметтік салаға жауапты болған Жандос Әбішев мүмкіндігі шектеулі жандармен жиі кездесетін. Тергеу мәліметінше, ол жарымжандар мінетін арбаға бөлінген ақшаға ауыз салып келіпті. Әлеуметтік бағдарламалар департаменті басшыларымен ауыз жаласып, бюджеттің 36 миллион теңгесін жымқырған деген күдікке ілініп отыр. Яғни, мүгедектерге сапасыз арбаларды қымбат бағамен сатып алынып жатқанына көз жұмып, ауызбастырық алған. 2014-ші жылдан осы жылдың ақпанына дейін әкім орынбасары болып істеген Әбішев жақында ғана қызметінен кеткен еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде