{metadescription}
Өлместің күйін кешкендер
Өлместің күйін кешкендер

Өлместің күйін кешкендер

Алматы облысында шиеттей 6 баласы бар ерлі-зайыпты көмекке мұқтаж. Өйткені, Нұғмановтардың жалғыз асыраушысы - отағасының тұрақты жұмысы жоқ. Мемлекеттен алатын жәрдемақы да әзірше мардымсыз.

Елбосын Нұғманов, көпбалалы әке:

- Көпбалалы ана ретінде 10.500 теңге аламыз ай сайын. Одан артық ақша алмаймыз. Жалдамалы жұмыс істеймін. Бірде шығады жұмыс, бірде шықпайды. Қазір қыстай жұмыссыз отырмын. Арасында шығып, 5-6 мың теңге тауып келемін.

Елбосын мен Гүлдананың үлкен ұлы 13-ке толса, кенже қыз 1 ай бұрын дүниеге келген. Қазір олар Алматы облысының Қаратөбе ауылындағы іші сыз тартқан мына тұрғын жайды паналап отыр. 10 мың теңге жәрдемақы түгелдей осы баспананы жалға беру ақысына кетеді. Ал, отағасының тапқан нәпақасы тамаққа әрең жетеді екен. Осындай отбасылар әр балаға 21 теңге көмекті қашаннан бастап алады? Ол үшін қойылатын талап қандай? Толығырақ жексенбі сағат 20:00-де арнамыздағы «Аптап» бағдарламасынан көріңіздер. Ал Нұғмановтар отбасына көмек қолын созам деген қайырымды жандар экранда көрсетілген телефон нөмірлеріне хабарласуға болады.

 

+7 747 847 98 68

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.