{metadescription}
Түркияда қыдыру қымбатқа түспек
Түркияда қыдыру қымбатқа түспек

Түркияда қыдыру қымбатқа түспек

Ол жақтағы қонақүйлер мен туризм саласына қатысы барлар төлемді еуромен қабылдайды. Соның кесірінен, жазғы демалыстың құны теңгеге шаққанда 10-20 пайызға артып кетті.

Мысалға: бұрын мың доллар тұратын жолдама енді мың еуро тұрады. Сондықтан қазақстандық туристік компаниялар демалыс іздегендерге басқа бағыттарды ұсынып жатыр. Туроператорлар негізінен қыдырғанға Мысырды қолайлы санайды. Өйткені, олардың қонақүйлері туристерді молырақ тарту үшін көп жеңілдіктер жасап жатыр екен. Тайланд бағытында да Түркиядағыдай қиындық туып тұрған жоқ. Мамандардың айтуынша, валюта саясатын өзгертуі еуропалықтарға көңіл аударуынан дейді. Өйткені, бірер жыл еуропалықтар Түркия курорттарынан бас тартқан еді.

Инна Рей, «Туристік қамқор» корпоративтік қорының төрайымы:

- Түркия мен Ресей арасында саяси шиеленіс туған кезде түрік отельдері көп шығынға батты. Өйткені, ресейліктер бармай қалды. Сосын оларды қайтару үшін бағаны айтарлықтай арзандатуға мәжбүр болды. Енді сол шығынның орнын толтырғысы келеді.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде