{metadescription}
Таразда жарылыстан өлді делінген қыз тірі болып шықты
Таразда жарылыстан өлді делінген қыз тірі болып шықты

Таразда жарылыстан өлді делінген қыз тірі болып шықты

Тараздағы жойқын апаттан көз жұмды деген Талас ауданының тумасы Аида Төлегенованың ауруханада жатқаны анықталды.

Байқаусызда марқұмдардың тізіміне ілініп кеткен келіншек ауыр хәлде. Оның дене бітімі кішкентай болғандықтан күні бүгінге дейін балалар ауруханасында жатқан. Оны оқыс жағдайда қайтыс болған 17 жастағы Айжан Арапбектің денесімен шатыстырып алыпты. Бұған екі адамның дене пішіндерінің сәйкес келуі себеп дейді. Сұмдық келеңсіздіктің қалай анықталғаны айтылмай жатыр. Белгілісі Аиданың жаназасына жиналғандар жарты жолдан қайтқан. Тараздағы көпқабатты үйдің бірінде екі күн бұрын жойқын жарылыс боп, үш адам қаза тапқан-ды. Жарақат алған 4 адам ауруханада жатыр. Оқиғаның нақты себебі әлі белгісіз. Денесінің 50 пайызын күйік шалған 65 жастағы зейнеткер мен Аида Төлегенованың хәлі ауыр. Соңғысының басына ота жасалды. Айта кетейік, марқұмдардың тізіміне енді енгізілген Айжан Арапбек, жарылыс шыққан пәтер иесінің немересі. 

Гүлсара Мұхтарқұлова, Жамбыл облыстық ПД баспасөз хатшысы:

- Қосымша тергеу амалдарын жүргізу барысында, жарылыстан қаза болғандардың бірі 1987 жылы туылған Төлегенова Аида Үсенғалиқызы емес, 2001 жылы туылған Арапбек Айжан Еркінбекқызы екені анықталды. Себебі, алған жарақаттарынан қаза болғандардың түрлерін тану мүмкін болған жоқ. Олардың дене пішіндері ұқсас болуына байланысты туысқандарына да мәйітті ажырату қиын болған.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде