{metadescription}
«Аяқ киім қалмады»: Алматыда жеке компания жұртты батпаққа батырып кетті  
«Аяқ киім қалмады»: Алматыда жеке компания жұртты батпаққа батырып кетті  

«Аяқ киім қалмады»: Алматыда жеке компания жұртты батпаққа батырып кетті  

Алматыда көшесімен адам тұрмақ көлік жүре алмайтын ықшамаудан тұрғындары шу шығарды. Олар құбыр орнататын компания жолды тас-талқан етіп қазып, жөндемей кетті дейді. Енді балалар мектепке бара алмай, сырқаттанғандарға жедел жәрдем жете алмай жатқан көрінеді. Ал жауапты компания күннің жылынып кетерін білмей қалдық деп ақталып отыр.

Алатау ауданындағы Құрылысшы ықшамауданында резіңке етіксіз жүру мүмкін емес. Ал ондай етігі жоқтар аяғына целлофан байлап алады. Бірақ оның өзі батпағы шығып жатқан көшеде көмектесе бермейді. Оқушылардың сабаққа баруы қиындаған.  

Жанна Есентаева:

- Аяқ киімге қарамаймыз. Осылай лай болып барамын да балалардың киімін кигіземін. Қазір бір баламды апарып тастадым Рысқұловқа. Енді екеуін мектепке апарамын. Жаман аяқ киімін кигізіп аламын. Аяқ киім қалмады. Бір жылда біз 4-5 аяқ киім аламыз десем өтірік айтпаймын.  Мынау не сұмдық?

Құрылысшыға бүгінде такси тұрмақ жедел жәрдем жете алмайды. Ауырған адамды жақындары Рысқұлов көшесіне дейін өздері арқалап келеді екен. Тұрғындар істің насырға шабуына құбыр жүргізетін компанияны кінәлап отыр.

Асылхан Найзабекова:

Мыналар қазды жерді. Канализация жасады. Су тартып жатыр. Бірақ көмуін дұрыс көмбей жатыр. Алдымен құбырдың үстіне тас төгіп, сосын бір-ақ көму керек. Бұлар алып сары топырақты қайта көміп жатыр. Міне, ойылып ойылып бәрі түсіп кетіп жатыр. Сары топырақ кете береді ғой төмен қарай.

Кәмилаш Омарова:

- Тым жақсы өзіміз ақшамызға жарық жүргіздік, өзіміз ақшамызға тас төседік 25 мыңнан әр үй жасадық. Тамағамыздан жырып. Бір компания келіп бір ай жасайды да қашып кетеді. Екіншісі келді. Бастады да тастады. Біздің не жазығымыз барТағы да ақшамызға жасауымыз керек пе?

Тұрғындардың айқайынан кейін оқиға орнына құбыр жүргізген компания басшысы Қияс Күнесов те жетті. Ол күннің күрт жылынып, жаңбыр жауып кететінін білмедік дейді.

- Бізге дейін де бұл жерде жарқырап тұрған асфальт болған жоқ.

- Болды. Өізіміздің асфальт болды.

- Ол енді асфальт емес қой енді.

- Ақшамен жасадық қой енді біз.

- Жасасаңдар, оның бәрін қалыпқа келтіреміз. Кішкене күте тұру керек енді.

Алғашында жұмыстың атүсті жасалғанын компания басшысы мойындағысы келмеген. Бірақ кейін, ұят қысты ма, екі көшені бір-екі аптада қалпына келтіретінін, ал маусым айында жұмысты толық аяқтайтынын айтты. Жұмысшыларының тау ғып үйіп тастаған қоқысын да тазалаймын деп сендірді.

Құрылысшылықтардың жанайқайын түсіну қиын емес. Ол үшін осы жерге бір сағатке келсеңіз де жеткілікті. Міне, сиқымызды өздеріңіз де көріп тұрсыздар. Ал көшелердің тас-талқанын шығарған компания басшылығы әдеттегідей уәдені үйіп төкті. Тіпті осы көшеде бұзылған көліктерді де жасап беремін деп салды. Алатау ауданы әкімдігінің өкілдері болса көшенің басынан кері қайтатын көрінеді. Мүмкін, қымбат төплилерін былғағысы келмейтін болар.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде