{metadescription}
Ауылдағы мұғалімдер мен дәрігерлер мемлекеттік баспанадан шет қалып отыр
Ауылдағы мұғалімдер мен дәрігерлер мемлекеттік баспанадан шет қалып отыр

Ауылдағы мұғалімдер мен дәрігерлер мемлекеттік баспанадан шет қалып отыр

Осы сияқты ауылдағы мұғалімдер мен дәрігерлер «7-20-25» бағдарламасы бойынша пәтер ала алмайды. Сенаторлар әсіресе, ауыл-аймақтағы бюджеттік сала қызметкерлерінің жалақысы баспаналы болуға жетпейді деп отыр.

Нұрлан Қылышбаев, Сенат депутаты:

- Жоғары санатты дәрігер кезекшілікті қоса алғанда 86 мың теңге, қатардағы қызметкер 77 мың теңге алады. Осы себепті ауыл және аудандағы бюджет қызметкерлері бұл бағдарламаға ілінбей қалады.  

Бұл ретте индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігі мемлекеттік бағдарламаға үлескерлік негізде баспана салуды ұсынды. Яғни бюджеттік сала қызметкерлері құрылысы жүріп жатқан үйге ақша құяды. Алайда, ұлттық банк бастамаға қарсы. Өйткені, елімізде үлескерлік сала әлі дамымаған әрі сенімсіз. Бұған дәлел, бүгінде еліміз бойынша 50-ден астам тұрғын үй құрылысы тоқтап тұр. Жауапсыз құрылыс компанияларының кесірінен 14  мың адам баспанасыз далада қалды.

Дәурен Сәлімбаев, Ұлттық банктің департамент директоры:

- Құрылыс компанияларының тәуекелдерін кепілдендіру үшін тұрғын құрылысына кепілдік беру қоры есебінен жабу туралы ұсыныс айтылды. Бірақ ондағы капитал мен бағдарлама деңгейін салыстыруға келмейді. Үлескерлік құрылыс үйсіз жүргендерді баспанамен қамту мәселесін шешпейді. Бұл тек болашақта пәтер аламыз деген үміт қана.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.