{metadescription}
Әйелдер босанып жатқан кезде перзентханада өрт шықты
Әйелдер босанып жатқан кезде перзентханада өрт шықты

Әйелдер босанып жатқан кезде перзентханада өрт шықты

Ақтөбеде перзентханада өрт шықты. Дәл сол сәтте бес келіншек босанып қалған. Оқиға орнына дер кезінде жеткен өрт сөндіру қызметі перинаталды орталық ішінен 500-ге жуық адамды құтқарып, қауіпсіз аймаққа көшіріп үлгерді. Оның 78-і жаңа туған нәресте. 

Анар Әмірқұлова, Ақтөбе облыстық перинаталдық орталық директорының орынбасары:

-  Перзентханада  сол кезде 3 әйел босанып жатыр еді, толғатып. 2 әйел босанған. Ешқандай ешкімге қауіп болған жоқ.

Абырой болғанда адам шығыны жоқ. Босанған әйелдер мен нәрестелер ғимараттың екінші бетіне аман есен ауыстырылған. Өрт сөндіру қызметі дабыл белгісі уақытылы іске қосылған айтып отыр. Қызыл жалын ғимараттың жертөлесінен тұтаныпты. Төсек сақтайтын арнайы  орын лапылдап, түтін жоғарғы қабаттарға жеткен.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде