{metadescription}
Зілтеміршілер АҚШ-та топ жарды
Зілтеміршілер АҚШ-та топ жарды

Зілтеміршілер АҚШ-та топ жарды

АҚШ-тың Лас-Вегас қаласында өтіп жатқан ауыр атлетикадан жасөспірімдер арасындағы әлем біріншілігінде елімізден барған бес спортшы да жеңіс тұғырына көтерілді. Алғаш болып 61 келі салмақ дәрежесінде Ақмолда Сайрамкез әлем чемпионы атанса, 67 келі салмақтағы зіл темірші Сайхан Тайсуев та алтын медальды еншіледі.

13-пен 17 жас аралығында 50 елден 200-ге тарта спортшы қатысқан бәсекеде Сәпи Есенкелді қарсыласынан 21 келі артық көтеріп чемпион болса, Рахат Бекболат пен Ольга Пастухова да бірінші орыннан көрінді. Осылайша, Қазақстан құрамасы 5 алтын иемденіп, жалпыкомандалық есепте бірінші орынға ие болды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде