{metadescription}
Тауарды картамен сатып алу қаншалықты тиімді?
Тауарды картамен сатып алу қаншалықты тиімді?

Тауарды картамен сатып алу қаншалықты тиімді?

Жаңа қаржы сервистері біздің күнделікті өмірімізді ыңғайлы етіп, қаржымызды үнемдейді. Заманауи сервистер отбасылық бюджетті басқаруға қалай көмектеседі?

Қазақстан әлемдік трендтерге қосылуда. Қазір қазақстандықтардың көпшілігі қолма-қол ақша алып жүрмейді, картамен төлеп және бөліп төлеуге сатып алады. Бұл ыңғайлы әрі пайызсыз.

- Менің 4 балам бар. Олардың болашағы үшін ақша жинауым керек. Сондықтан бөліп төлеуге алу өте маңызды. Мен әдетте киім, жиһазды бөліп төлеуге аламын. Жиһаз алғаным үшін үлкен бонус алып, пәтерақы төледім.

Мен қалаған затымды бөліп төлеуге алатындықтан қаражатым қалтамда қалады. Мен оны депозитке сақтай аламын. Ыңғайлы жақтары өте көп.

Бөліп төлеу өте ыңғайлы болып келеді. Неге? Себебі қолма-қол ақшаны біз депозитке салып, одан сыйақы түседі. Әр ай сайын ақшаны жинауға тәртіп болады және ынта пайда болады.

Жақында ғана қазақстандықтар кредит карталарын белсенді түрде пайдаланып, пайыз төлейтін. Енді кредит карталарын толықтай пайызсыз бөліп төлеу алмастырды.

Мақсат Халық: қаржы сарапшысы:

Несие картасы халық үшін қызық емес деуге болады. Өйткені несие картасы ол жерде белгілі бір дәрежеде пайыздар болады. Егер сіз бөліп төлеуге алған болсаңыз бұл ыңғайлы. Біреуден қарыз алып оны ақырындап бөліп қайтарып отырғандайсыз. Сонда ол сіздің бюджетіңізге ауырлық түсірмейді. Бұл енді менің ойымша халық үшін тиімді.

Бүгінде пайызсыз бөліп төлеуге барлығын: киім, косметика, автокөлік тауарлары, техника, тіпті супермаркеттен күнделікті тұтынатын тауарларды сатып алуға болады. Бұл қызметті табысты түрде пайдаланып жүрген көптеген қазақстандықтар бөліп төлеуге алуға болатын тауарлар мен қызметтердің жаңа түрін асыға күтеді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде