{metadescription}
Димаш Құдайбергеннің жомарттығы көрермендерін тәнті етті
Димаш Құдайбергеннің жомарттығы көрермендерін тәнті етті

Димаш Құдайбергеннің жомарттығы көрермендерін тәнті етті

Америкалық «Әлем үздігі» шоуына қатысып жатқан Димаш Құдайберген мәреге жақындағанда байқаудан бас тартты. Бұл жайында кезекті кезеңде өнер көрсеткен әнші тосыннан мәлімдеме жасады. Ереже бойынша Димаш кішкентайлармен сайысқа түсуі тиіс болатын. Бірақ балалардың жолын кескісі келмеген ол қазылардан кетуге рұқсат сұрады.

Сіздердің рұқсаттарыңызбен бәйгені кішкентай бүлдіршіндерімізге қалдырғым кеп отыр.

Димаштың мәрттігіне сенер-сенбесін білмеген қазылар алқасы мұндай шешімге таң қалғанын жасырмады. Тіпті, оның сайысқа келгенін есіне салғандар табылды. Алайда, жүргізуші баршаны өнер иесінің таңдауына құрметпен қарауға шақырды. Айта кетейік, финалға жолдама ұсынатын кезеңдегі 3 адамның бірі ретінде ән шырқаған жерлесіміз қазақстандық Данэлия Төлешова мен үндістандық 12 жасар пианиношыға жол берді. Ал Төлешова соңғы сәтте қарсыласынан ұтылып, Үндістан өкілі Лидиан Надхасварам 1 миллион долларды жеңіп алды.  

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде