{metadescription}
Сырттан әкелінетін құрылғыларға қойылатын талаптар жеңілдетілмек
Сырттан әкелінетін құрылғыларға қойылатын талаптар жеңілдетілмек

Сырттан әкелінетін құрылғыларға қойылатын талаптар жеңілдетілмек

Бұған дейін шетелдік аппараттардан азғантай кінәрәт табылса болғаны, тауар келген жеріне кері қайтарылатын. Сәуір айынан бастап заңға енгізілетін өзгерістер біраз талаптардың күшін жоймақ.

Косметологиядан бастап, медицинаға дейін салаларда пайдаланылатын құрылғылар бүгінге дейін қатаң сүзгіден өткен. Клиника немесе емдеу мекемелері қандайда жаңа технологияны қолданбас бұрын оны Қазақ метрология институтында қыруар қаржы төлеп, сынақтан өткізуі тиіс болған. Ал тексеру құны 120 мың теңгеден 800 мың теңгеге дейін барған. Бұл шаралар азаматтардың денсаулығы мен қауіпсіздігі үшін жасалынады. Енді өзгерістерге сәйкес, метрологтар аппараттың тек мүмкіндігін ғана тексеретін болды. Бұдан кәсіпкерлер ұтады. Себебі, сынақ үшін шығындалмайды. 

Еркін Ержігітов, Қазақ метрология институты оңтүстік филиалы директоры орынбасары:

- Институттан сынама жұмыстарына ақша алынады. Оның бәрі қазір бизнеске жеңілдік болады деп ойлаймын. Қолында сертификаты болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.