{metadescription}
Бетон жақтауы адамдарды басып қала жаздады
Бетон жақтауы адамдарды басып қала жаздады

Бетон жақтауы адамдарды басып қала жаздады

Өскеменде ескі ғимараттың бетон жақтаулары құлап, сыртта өтіп бара жатқан адамдарды басып қала жаздады. Төрт қабатты үйдің шатырынан түскен сынықтардың мұндағы тұрғындарға қауіп төндіргені соншалық, олар құтқарушыларды шақырған. Ал төтеншеліктер маңайды қоршауға алды. Себебі, сетінеген жақтау толықтай сыр беріпті.

Алена Сельдюкова, ПИК төрайымы:

Өте қорқынышты. Төрт жыл бойын осы көріністен көз ашпадық. Қит етсе бетон сынықтары төбемізден құлайды.

Метеорит қалдықтары секілді төбеден тас жауғанда шошынған тұрғындар құтқарушыларды шақырған. Оқиға орнына жеткен төтеншеліктер 300 келіге жуық бетон сынықтарын жинап алыпты. Қауіп әлі де сейілмеген. Жарылып тұрған жақтаулар кез-келген уақытта құлап кетуі мүмкін. Ал пәтер иелелері кооперативіндегілер бұл ғимарат қаладағы сәулет нысандары есебінде тұрғандықтан барлық жауапкершілік облыстық әкімдіктің мойнында екенін айтады. Алайда шенеуніктер сәуір айында жөндеу жүргізбекші едік деп ақталуда. Бірақ тозығы жеткен ғимарат әкімдіктің жайбасарлығын күтіп тұрмайды дейді тұрғындар.  

Арман Наурызбаев, Өскемен қалалық № 2 өрт сөндіру бөлімінің бастығы:

- Төбеден құлайтын әрбір бетон сынығы адамдардың өміріне қауіпті. Сондықтан өрт сөндіру бөліміндегілер өзіміз абайлап құлату жөнінде шешім қабылдадық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.