{metadescription}
Қорқор мен электронды темекіге тыйым салынғалы жатыр
Қорқор мен электронды темекіге тыйым салынғалы жатыр

Қорқор мен электронды темекіге тыйым салынғалы жатыр

Елімізде қорқор төңірегіндегі тартыс бітер емес. Даудың басы «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі» туралы кодекс жобасына шығып отыр. Онда қоғамдық тамақтану орындарында темекі, қорқор және электронды шылым шегуге тыйым салу көзделген. Бұл бастамаға кәсіпкерлер жаппай қарсы. Себебі, дәмханалардағы кірістің басым бөлігі қорқордан түседі.

Қазір кез-келген қаладағы мейрамхана мен клубтарда қорқор клиенттер арасында жоғары сұранысқа ие. Бір шетінен осылай көңіл көтеру сән. 1 қорқордың құны орташа есеппен 4-5 мың теңге тұрады. Көңіл көтеретін орындарда қорқор сату үшін алкоголь секілді лицензия алып, салық төлемейсің. Қоғамдық орындарда қорқор тартуға тыйым салынғанымен, оны елейтіндер аз. Тіпті 21 жасқа дейінгілерге оны сатуға тиым салынғанына да ешбір ресторатор қарап жатқан жоқ сыңайлы. Кәсіпкерлер мұндай салғырттықтарды реттеудің өзіндік жолын ұсынып отыр. Тек кірісі көп кәсіпке тұсау салынбаса дейді.

Ақтөре Қани, кәсіпкер:

- Кальяннан түсетін ақша салық болып мемлекеттік қазынаға құйылып жатқан жоқ. Егер де мемлекет осы мәселені көтеріп әр мекемеге 1 жылдық лицензия беретін болса бізге тиімді болатын еді. Бір жағынан нашар нысандардың барлығы жойылып, тұрақты, санаулы орталықтар қалатын еді.

Жалпы, кодекстегі 7 бөлімге өзгеріс енгізілмек. Соның бірі - халықтың денсаулығын қорғау. Сондықтан алдымен көпшілік жиналатын орындарда қорқорды шегуге шектеу қарастырылған. Қалалық кәсіпкерлерлер палатасы жаңа қаулы қабылданса, жаппай шығынға батамыз деп алаңдаулы. Қазір 24 бизнесменнен шағым түскен.

Айтуар Қошмамбетов, Алматы қаласы кәсіпкерлер палатасы директорының орынбасары:

- Қаулы арқылы барлығын бір мезетте шектеп тастасақ, рестораторлар шығынға батады. Ортақ санитарлық норма қабылданып, арнайы жеке кабинеттер ашылуы қажет. Әркімнің өз таңдау құқығы бар. Қалаған адам сонда барып қорқор немесе шылым шегеді.

Жобаға жауаптылардың өз уәжі бар. Қорқордың түтіні денсаулыққа зиян. Көбіне санитарлық норма сақталмайды. Нақты тыйым заңмен бекітілмегендіктен, мейрамханадағы жұрт қорқордың түтініне тұншығуға мәжбүр.

Әнел Мұсаева, Алматы қалалық қоғамдық денсаулық сақтау департаментінің бөлім басшысы:

Талапқа сәйкес, шылым шегетіндерге арналған бөлмеде арнайы желдеткіш болуы тиіс. Көбі бұл ережені орындамайды. Біз оларды тек шағым түскен кезде ғана тексере аламыз. Жаңа заңда қай жерде шылым немесе қорқор шегуге болатынын нақты көрсетіледі.

Бизнестің қамын күйттеушілердің айтуынша, қоғамдық орындарда қорқорға тыйым салатын қаулы заңға қайшы. Мұндай шектеу бизнеспен айналысу еркіндігіне бұғау салумен тең. Сондықтан кәсіпкерлер заң жобасын Парламент қабырғасына жеткізбей сотқа жүгінбек. Олардың бұл табыс көзінен айырылғысы жоқ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.