{metadescription}
Тасқынға қамданбаған 88 әкімге ескерту жасалды
Тасқынға қамданбаған 88 әкімге ескерту жасалды

Тасқынға қамданбаған 88 әкімге ескерту жасалды

Тасқын суға төтеп беретін техника әлі алынбаған. Ішкі істер министрлігі жұмысына салғырт қарап, жайбарақат отырған 88 елдімекеннің әкіміне ескерту жасады.

Юрий Ильин, Ішкі Істер  вице-министрі:

- Біз су басу қаупі бар аймақтарды алдын ала анықтап, әкімдерге хабарлама жібереміз. Соған сәйкес, олар дайындықты бастауы тиіс. Алайда, әкім-қаралар қызыл судан болатын қауіп-қатерге немқұрайлы қарап отыр.

Ол аздай кей өңірлерде кәсіпкерлердің құйтырқылығынан техника сатып алу үшін тендер өткізілмеген. Қауіптің ауылы алыс еместігін ескерсек, онсызда техникаға жарымай отырған өңірлер қосымша қондырғылардан қағылды. Енді құтқарушылар бұл елді-мекендерге көршілері көмекке келеді деп үміттеніп отыр. Төтеншеліктердің мәліметінше, 200-ден аса елдімекенді қызыл су басуы мүмкін. Әсіресе, Батыс Қазақстанға төнген қауіп жоғары. Онда биыл қар нормадан екі есе көп түскен. Оған қоса көрші Ресеймен шекаралас жерлерге жауын шашынның мөлшерден көп жаууы жағдайды ушықтыруы мүмкін.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.