{metadescription}
Ауыл шаруашылығы министрі нан бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді
Ауыл шаруашылығы министрі нан бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді

Ауыл шаруашылығы министрі нан бағасының неліктен қымбаттағанын түсіндірді

Сапархан Омаров бұған бидай құнының өсуі себеп дейді. Дегенмен, қазір астық құны қайта арзандай бастады деген министр, енді баға өспейді деп отыр. Бірақ, бұған қарамастан еліміздің тағы бірнеше өңірінде ас атасы қымбаттап кетті. Тіпті, Астанада да нанның құны 30 теңгеге өсуі мүмкін.

Елімізде жыл басынан бері көтеріліп жатқан нан бағасына тоқтау болмай тұр. Шымкент, Павлодар мен Таразда 10-15 теңгеге өскен ас атасы енді Орал мен Атырауда да қымбат. Мұнда әлеуметтік бөлке нанның өзі 5 теңгеге көтеріліп, 75-тен сатылуда. Тіпті, самса, бәліш секілді өзге де ұн өнімдерінің бағасы да айтарлықтай өскен.

Бағила Ғұмарова, Атырау қаласының тұрғыны:

- Нанның қымбаттауы дұрыс емес. Халықтың қамын ойлау керек. Қаншама жұмыссыз отырған адамдар бар. Қазір жағдай өте қиын ғой.

Ас атасының құны Астанада да наурыздың 26-сынан бастап 30 теңгеге қымбаттауы мүмкін. Елордалық наубайханалардың осындай ескерту хабарламасы қазір әлеуметтік желіде тарап кеткен. Бұған әдеттегідей, бидай мен ұн бағасының өсуі себеп. Шығынға батпас үшін нанның құнын өсіруден басқа амалымыз жоқ дейді кәсіпкерлер.

Антон Маркушин, наубайхана директоры:

Бағаға ұннан бөлек, қант, тұз секілді нанның құрамында болатын қоспалардың құны да әсер етуде. Барлығы қымбаттап жатыр. Оның үстіне наубайхана қызметкерлерінің жалақысын өсіру керек.

Ауыл шаруашылығы министрі де ас атасының қымбаттауына бидай бағасының әсер еткенін айтады. Дегенмен, енді алаңдауға негіз жоқ дейді Сапархан Омаров. Өйткені, тоннасы 75 мыңға шарықтан астық құны қайта арзандап, 65-67 мың теңгеден сатылып жатыр екен. Сол үшін нан бағасы сәл-сәл құбылғанымен, қымбаттамайды дейді.

Сапархан Омаров, ҚР Ауыл шаруашылығы министрі:

- Барлық облыс әкімдіктері нанның бағасын қадағалайды. Күнде барлық дүкендерді қадағалайды. Ал, Астанадағы нанның бағасын біз өзіміз министрлік қарап отырамыз. Біздің адамдар аптасына бір екі рет дүкендерді аралап, қадағалап отырады.

Сондай-ақ, еліміздің бас агрономы қамбаларда бидай жоқ деген алып-қашпа сөздерді де жоққа шығарды. Айтуынша, қазір 10 жарым миллион тонна астық бар. Ол ішкі нарықты қамтуға артығымен жетеді дейді министр. Ал, наубайханалардың нан бағасын негізсіз өсіргені анықталса, жаппай айыппұл арқаламақ.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.