{metadescription}
Алматылық студенттерді тонаған 3 ұры қолға түсті
Алматылық студенттерді тонаған 3 ұры қолға түсті

Алматылық студенттерді тонаған 3 ұры қолға түсті

Әккі сұғанақтар қаладағы университеттер мен оның маңындағы аялдаманы торауылдап, арам ойын жүзеге асырған. Тіпті біреуі студенттерге дәріс оқитын аудиторияға емін-еркін кіріп, ұялы телефонды алған сәтте ұсталып отыр.

Салтанат Әзірбек, Алматы қаласы ПД ресми өкілі:

- Бір азамат студенттің әмияны мен ұялы телефонын жымқырса, ал екінші азамат сабақ басталмай жатып қаламыздағы ЖОО ғимаратына түсіп студенттердің лекция залдарында жатқан сөмкелерін тінтіген. Таңғы уақытта студенттер өз сабақтарына асығып, аялдамаларда көптеп кездесіп жатады. 

Тәртіп сақшылары қылмыстың ізін суытпай ұрыларды дереу ұстады. Қамауға алынған 3 күдікті де бұрын ұрлық жасағаны үшін сотталған екен. Жазасын өтегендер бостандыққа шыға сала бұрынғы әдетіне басқан. Қазір студенттерден түскен шағымдар бойынша тергеу басталып, қылмыстық іс қозғалды. Жалпы, бүгін қала бойынша 11 қалта ұрысы құрықталды. Оның екеуі  әйел адам. Полицейлер ұрылардан зардап шекпес үшін қоғамдық көліктерде әркім жеке мүлкіне сақтықпен қарауы тиіс. Ал, бағалы заттарды киімнің ішкі қалтасына салған жөн дейді.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде