{metadescription}
Жарылыстан зардап шеккен зейнеткер қайтыс болды
Жарылыстан зардап шеккен зейнеткер қайтыс болды

Жарылыстан зардап шеккен зейнеткер қайтыс болды

Тараздағы көпқабатты үйдегі жарылыстан қаза болғандардың саны тағы бір адамға артты. 14 күн бойы ауруханада ауыр хәлде жатқан 65 жастағы зейнеткер бүгін қайтыс болды. Дәрігерлер оның өмірін сақтап қалу мүмкін болмағанын айтады.

Әбілсейіт Сыдықов, Тараз қалалық №2 ауруханасы күйік бөлімінің меңгерушісі:

- Өкпесі мен жүрегінде қысым пайда болып, жүрегі түнгі сағат 11-де тоқтады. Науқас қайтыс болды.

Арапбек Сағынбековтың денесінің елу пайызы мен тыныс алу жолдары қатты күйіп қалған еді. Ақхалаттылар күні бүгінге дейін науқастың жанын алып қалуға жанталасқанымен, беті бері қарай қоймады. Зейнеткер есін жиғанымен жансақтау бөлімінде жатқан. Оқыс жағдайдан марқұмның 17 жастағы немересі де ажал құшқанын айта кетейік. Еске салсақ, екі жеті бұрын Тараздағы көпқабатты үйдің бірінде жойқын жарылыс болып, үш адам жер жастанған. Алты тұрғын ауруханаға түсіп, хәлі нашар екеуі емделіп жатқан. Ал оқыс жағдайдың нақты себебі әзірге айтылған жоқ.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде