{metadescription}
Семейдің шетіндегі жер үйлерді су басып жатыр
Семейдің шетіндегі жер үйлерді су басып жатыр

Семейдің шетіндегі жер үйлерді су басып жатыр

Күн күрт жылынғандықтан мұнда қар лезде еріп, жер асты суы көтерілген. Осының кесірінен, жұрттың баспаналары мен қора-қопсылары қызыл судың астында қалды. Тұрғындардың айтуынша, тоғанның үстіне жергілікті билік көпқабатты үй тұрғызып тастаған көрінеді. Әйтсе де, шенеуніктер өздеріне шаң жуытатын емес.

Жұртты кеш жамыла келген қызылсу тосырқатып тастады. Қасқағым сәтте көшеде резеңке етіксіз жүре алмай қалды. Мұнда ұзақ жылдан бері тұратын халық жергілікті биілкке өкпелі. Тұрғындардың бірі Мұрат Ысқақов ақсақалдың айтуынша, бұрындары баспаналарын ешқандай қызылсу баспаған. Сондықтан барлық кінәрат күре жолдың шетіне тұрғызылған көпқабатты үйдің құрлысынан келді, - дейді.  

Мұрат Ысқақов, Семей қаласының тұрғыны:

- 9 қабатты үй салды. Былтыр айтып жүрді су ағатын үлкен каналды бітеп тастаған деп. Енді, ақпайды. Қайда барады? Еріксіз осы жерге келеді.

Аулаларға жайылған судың тереңдігі кей жерлерде бір метрге жетеді. Тіпті, кейбіреуі дүние-мүліктерін де сыртқа шығарып үлгермеген. Дегенмен, қар суымен түнімен кірпік қақпай алыстық деген атқамінерлер, бұған жұрттың өзін кінәлап отыр. Олардың мәлімдеуінше, судың бұл аумаққа жайылуына жаңа салынған көпқабатты баспананың еш қатысы жоқ. Тұрғындардың өзі арықтарды бітеп тастаған көрінеді.

Николай Ушаков, Семей қаласы әкімінің орынбасары:

- Мұны тұрғындардың өзі қолдан жасап отыр. Бір тұрғын судың көзін бөгеп, үйінің жанымен ақпау үшін бөгет жасап тастағанын көрдік. Ал, ол жерде су ағатын қос құбырдың біреуі жатыр.

Бүгінде мұндай тұрғындармен күресті күшейту үшін жергілікті билік құзырлы органдарға шағым түсіргендерін жеткізді. Өйткені, тоғандарды бітеумен қатар, жер үйлердің ауласындағы жауған қарда сол күйі шығарылмаған. Ал, өздері көктемгі тасқынға тас түйін дайынбыз, - дейді. Бірақ, биыл Ертіс өзенінен төніп тұрған қауіп-қатер жоқ екен.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде