{metadescription}
Астанада газ баллоны жарылып 3 адам зардап шекті. Тағы бірі үйінді астында қалуы мүмкін
Астанада газ баллоны жарылып 3 адам зардап шекті. Тағы бірі үйінді астында қалуы мүмкін

Астанада газ баллоны жарылып 3 адам зардап шекті. Тағы бірі үйінді астында қалуы мүмкін

Үйінді астында қалуы мүмкін делінген адам компанияның бухгалтері деген мәлімет бар. Ал денелерін қатты күйік шалған зардап шегушілер дереу ауруханаға жеткізілген. Әсіресе 49 жастағы азаматтың хәлі нашар. Оның денесінің 80 пайызын күйік шалыпты. 

Жарылыстың қатты болғаны сонша, екі қабатты ғимарат опырылып құлаған. Жермен-жексен болған базар маңындағы фирмада сүт, жұмыртқа секілді азық-түлік көтерме бағамен сатылып келген.  
Жарылысқа себепкер болған газ баллоны жылыту қондырғысы ретінде пайдаланылыпты. Болжам бойынша ақау осы баллоннан шығуы мүмкін. Жарылыстың соңы өртке ұласқандықтан от 300 шаршы метр аумаққа жайылып үлгерген. Төтенше жағдайлар комитеті Владимир Беккердің айтуынша, нысан өрт қауіпсіздігіне қатысты тексерілмеген. Өйткені фирманың ашылғанына бір жыл да толмапты. Ал заң бойынша, орта және шағын бизнесті тексеруге 3 жылға дейін тыйым салынған.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.