{metadescription}
Мәскеуден ұшақпен жеткізілген Жомарт Ертаев изоляторға қамалды
Мәскеуден ұшақпен жеткізілген Жомарт Ертаев изоляторға қамалды

Мәскеуден ұшақпен жеткізілген Жомарт Ертаев изоляторға қамалды

Жомарт Ертаев елге экстрадицияланды. Халықаралық іздеу жарияланған қашқын банкирді былтыр Мәскеуде интерпол ұстаған. Көрші елдің тергеу абақтысында жылға жуық отырған Ертаев бүгін таңертең Ресейден ұшақпен жеткізілді.

Мынау сол Астана әуежайына келген сәті. Қолына кісен салынған күдіктіні прокуратура қызметкерлері бірден тергеу абақтысына апарып қамады.  Еске сала кетейік, «BankRBK» директорлар кеңесі төрағасының бұрынғы кеңесшісіне үлкен айып тағылып отыр. Тергеу мәліметтері бойынша, ол қызметтік мансабын пайдаланып, 2011-2017 жылдар аралығында банктен 144 миллиард теңге жымқырған. Бұл тірлігін атқаруға 54 сыбайласы көмектесіпті. Оның 41-і сол банктің топ менеджерлері екен. Ресейді паналаған Жомарт Ертаев кезінде Қазақстан азаматтығынан бас тартып, сол елде босқын мәртебесін алмақ болды. Алайда, 2017 жылы уақытша тұру ықтиярхатынан айрылды.

Дархан Дүйсенбай,  Бас прокуратураның ресми өкілі:

- Тергеу барысында қабылданған шаралардың нәтижесінде 15 миллиард теңге өтеліп, 48 миллиард теңгеге тыйым салынды. Қазіргі уақытта арнайы прокурорлар істі тергеп-тексеруді аяқтады. Процеске қатысушылар материалдармен танысып жатыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде