{metadescription}
Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы 14-мамырға дейін қамауға алынды
Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы 14-мамырға дейін қамауға алынды

Су ресурстары комитетінің экс-төрағасы 14-мамырға дейін қамауға алынды

Ауылшаруашылығы министрлігінде кезекті тұтқындау! Аяқасты қызметінен шеттетілген су ресурстары комитетінің төрағасы қамауға алынды. Десе де, Ислам Әбішевтің не үшін шатылып жатқанын құзырлы органдар ашып айтпай отыр. Ал кейбір ақпарат құралдары оның 60 миллион теңге пара алғаны туралы жазды.       

Білдей комитет төрағасының қолына кісен салынғанын хабарлаған Астана қалалық сотындағылар оның 14-мамырға дейін қамауда болатынын жеткізді. Биыл жасы 63-ке таяған Ислам Әбішев су ресурстары комитетін жеті жылдай басқарған. Жалпы, ол су ресурстары комитетінде істі болған бірінші шенеунік емес. Оның алдында төраға болған Анатолий Рябцев 58 миллион теңгені жымқырып, 4 жылға сотталған. Бастығының ізін суытпай орынбасары Арман Құрмашев та 1 жарым млрд. тенгені жымқырып, төрт жылға бас бостандығынан айырылған еді.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде