{metadescription}
Тергеу мәліметі: Ислам Әбішевтің орнына параны сыбайласы алған
Тергеу мәліметі: Ислам Әбішевтің орнына параны сыбайласы алған

Тергеу мәліметі: Ислам Әбішевтің орнына параны сыбайласы алған

Су ресурстары комитеті экс-төрағасының ірі көлемде пара алды деген күдікке ілінгені рас болып шықты. Ислам Әбішевтің не үшін қамауға алынғанын бүгін  Жемқорлыққа қарсы ұлттық бюро қызметкерлері айтып берді.

Тергеу мәліметтері бойынша, Әбішев Солтүстік Қазақстандағы «Соколов» су құбырын жөндеп, Қызылжар ауданына су тарту үшін әлдебір компанияға тендер ұтып берген. Сөйтіп, осы қызметі үшін құрылысқа бөлінген 6 миллиардқа жуық қыруар қаржының бір пайызын, яғни 60 миллион теңгені ауызбастырық ретінде алған көрінеді. Әрі параны тікелей өзі емес, Дүниежүзілік қазақ күресі федерациясының бірінші вице-президенті Серік Төкеев арқылы алдыртқан. Жақында зейнеткерлік жасқа келетін Әбішев осы федерацияның президенті қызметін де қатар алып жүргенін айта кетейік.

Ауыл шаруашылығы министрлігіне қарасты Су ресурстары комитетін бірнеше жыл басқарған ол қазір сыбайласымен бірге қамауға алынған.

Жанна Бастарова, Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің ресми өкілі:

- Су ресурстары комитетінің төрағасы және оның сыбайласы, Қазақ күресі дүниежүзілік федерациясы қоғамдық бірлестігінің вице президентіне қатысты сотқа дейінгі тергеу жүруде. Күдіктілерге қатысты күзетте ұстау туралы шарасы қабылданды.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.