{metadescription}
Нұр-Сұлтандағы атауларды ауыстыруға бюджеттен артық ақша бөлінбейді
Нұр-Сұлтандағы атауларды ауыстыруға бюджеттен артық ақша бөлінбейді

Нұр-Сұлтандағы атауларды ауыстыруға бюджеттен артық ақша бөлінбейді

Қаржы министрі Астананы Нұр-Сұлтанға ауыстыру үшін бюджеттен қосымша бір тиын да бөлінбейтінін хабарлады. Әлихан Смайыловтың айтуынша, бұндай шаруаларға қалалық қазынадан қаражат бұрын бөлініп қойған. Ауқымды шаруа соның негізінде біртіндеп іске асырылмақ.

Әлихан Смайылов, Қаржы министрі:

- Жергілікті Астана қаласының бюджетінде ескірген белгі, атауларды ауыстыру бойынша жыл сайын 40 миллион теңге қарастырылған. Осы қаражаттың есебінен жүзеге асады деп кеше маған түсіндірді. Атауды өзгертуге қосымша қаражат бөлінбейді.

Әзірге әкімдіктің сыртындағы маңдайша ғана жаңасына ауыстырылыпты. Онда қаланың атауы Нұр-Сұлтан болып өзгерген. Ал өзге мемлекеттік мекемелердегі баннер мен белгілер біртіндеп ауыстырылмақ. Айта кетейік, бас қаланы Нұр-Сұлтан деп атау туралы жарлыққа президент Қасым-Жомарт Тоқаев үш күн бұрын қол қойған еді. Ал оған дейін тәуелсіз сарапшылар Астананың атауын өзгерту үшін бюджеттен қыруар қаржы жұмсалатынын айтқан. Яғни 47 миллиард теңге кетеді делінді. Бірақ шенеуніктердің есебі басқаша. Ал ақпарат министрі осы төңіректе туындаған пікірталасқа қатысты ойын жеткізді. 

Дәурен Абаев, Ақпарат және қоғамдық даму министрі:

Астананың атауын өзгерту қызу пікірталас тудырғаны рас. Тұрғындарға сәл уақыт керек. Кейін үйренісіп кетеміз. Естеріңізде болса, бұған дейін де Ақмоланы Астанаға өзгерткен кезде жұрт қарсылық танытқан еді. Бірақ артынан брендке айналған Астана атауын барлығымы ұнаттық.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.