{metadescription}
Назарбаев жастармен қосылып ән шырқады
Назарбаев жастармен қосылып ән шырқады

Назарбаев жастармен қосылып ән шырқады

Алматы жастары Елбасымен бірге. Бүгін оңтүстік астанамызға ұшып келген Тұңғыш Президент Нұрсұлтан Назарбаевты әуежайдан 2 мыңға жуық студент қарсы алды.

«Қазақстан!» «Нұрсұлтан!» «Астанамыз Нұр-Сұлтан!» деп ұрандатқан Алматы жастары әуе кемесі қонған аумаққа жиналды. Елбасын көппен бірге Алматы әкімі Бауыржан Байбек те қарсы алды. Алдымен Тұңғыш Президентке гүл шоқтары табыс етілді. Нұрсұлтан Назарбаев тосын сый үшін белсенді жастарға ризашылығын білдірді. Оның айтуынша, бұл күтпеген әрі ерекше қуаныш сыйлаған кездесу. Жастар ұйымының өкілдері Нұрсұлтан Әбішұлына жастарға көрсеткен қамқорлығы мен қолдауы және мемлекетіміздің дамуына қосқан үлесі үшін алғыстарын жеткізді. Жастармен аз-кем шүйіркелескен Президент Жастар жылында өскелең ұрпаққа табыс пен мықты денсаулық тілеп, өзі сөзін жазған «Елім менің» әнін бірге шырқады.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде