{metadescription}
Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды
Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды

Алматыда бүтін бір отбасы жол апатынан көз жұмды

Ерлі-зайыптылармен бірге көлікте небәрі 3 жасар бала болған.

Оқиға түнгі сағат 12-лерде, Бауыржан Момышұлы көшесінде болды. Жанұя мінген Хюндай жеңіл көлігі жол қиылысына жетіп, солға бұрыла бергенде қарама-қарсы бетте келе жатқан Тойота Ланд Крузер қатты жылдамдықпен келіп соққан. Оқиға орнында 26 жастағы келіншек пен 3 жасар баласы мерт болды. Ал көлік тізгініндегі отағасы ауруханаға жеткізілген соң үш сағаттан кейін қайтыс болды. Дәрігерлер қатты соққыдан 38 жастағы жігіттің өкпесі жарылып кеткенін айтады. Бүтін бір отбасы көз жұмған жол апатына қатысты тергеу басталды. Дегенмен, Тойота Ланд Крузер тізгіндеген жүргізуші қамауға алынды ма, жоқ па ол туралы полиция әзірге жақ ашпай отыр. 

Рамазан Әскеров, №7 қалалық клиникалық ауруханасы бөлім меңгерушісі:  

- Науқас өте ауыр жағдайда келіп түсті. Қолымыздан келгеннің бәрін істедік. Алайда, жол апатында алған жарақаттары ауыр болды. Өкінішке орай, үш сағаттан соң көз жұмды. 

Тағы да бір жантүршігерлік жол апатының көрінісі желіге тарап кетті. Онда науқасты ауруханаға асығып әкеле жатқан жедел-жәрдем қызметкерлері жол апатына ұшыраған. Дабылын қосып келе жатқан машинаны басты жолмен жеңіл көлік бүйірден ұрған. Соққыдан жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі, ішіндегі науқас пен фельдшер зардап шекті. Ал оларды соққан көлік иесіне түк болмаған. Белгілі болғандай, арнайы көлік ішіндегі сырқат қан қысымы көтеріліп, көмек шақыртқан екен. 

Жасұлан Арғынбаев, травматолог дәрігер:

- Жедел-жәрдем көлігінің жүргізушісі кеуденің жарақаты мен аяқтың жұмсақ тіндерінің жарақатымен келді. Оларға алғашқы медициналық көмек көрсетіліп, үйлеріне қайтарылды.

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде