{metadescription}
Көкшетау тұрғыны аяғы ауыр келіншегін тепкілеп тастады
Көкшетау тұрғыны аяғы ауыр келіншегін тепкілеп тастады

Көкшетау тұрғыны аяғы ауыр келіншегін тепкілеп тастады

Екіқабат әйелді аямады. Көкшетауда 33 жастағы жігіт аяғы ауыр әйелге тап беріп, аяусыз тепкінің астына алған. Жұрт Ұлыстың Ұлы күніне әзірленіп жатқанда жас келіншек оңбай таяқ жеген.

Оқиға қала мейрамханаларының бірінің алдында болған. Аяғы ауыр келіншек барынша қорғанып баққанымен, тепсе темір үзетін жігіттің тепкісінен жерге құлаған. Ол тіпті келіншектің жүкті екеніне де қарамаған ер адам, жәбірленушінің күйеуі болып шықты. Араша түскен адам табылғанымен әкіреңдеген күйеусымақты айыра алмай әлекке түскен. Басынан да, ішінен де соққы алған әйелі болса «қол сынса – жең ішінде» дегенге басып отыр.

Гүлнәр Пинчук, Ақмола облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Әлеуметтік желіде пайда болған бейне жазбаны полиция тексерді. Олар ерлі-зайыпты адамдар екен. Отбасылық кикілжің  орын алған. 1989 жылы туған келіншек арыз түсірмейтінін айтты. Күйеуін кешірді. Жәбірленуші шағымы болмағандықтан, участке инспекторы профилактикалық кеңес өткізді.  

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде