{metadescription}
«Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Парижге барады
«Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Парижге барады

«Бала дауысы» байқауының жеңімпазы Парижге барады

Алматыда жүздеген бала ән айтудан жарысқа түсіп жатыр. «Бала дауысы» байқауына қатысуға былтырғыдан да көп үміткер жиналған. Қазылар алқасы сол жүздеген баланың ішінен финалда Алматының атынан шығатын бір жеткіншекті іріктеп алмақшы. Республикалық сайыстың жеңімпазы музыкалық оқу орнына тегін түсіп қана қоймай, Парижге тегін жолдама алады.  

Көктемгі демалыста жүрген жеткіншектер таңатпастан оқушылар сарайына келген. Әдетте орнында отырмайтын ойын баласы бірнеше сағаттап мына есіктің аузында тосып отыр. Жай емес, Диснейлендке жолдама ұтып алу үшін. «Бала дауысы» байқауына биыл былтырғыдан да қатысушылар көп. Көбі өткен жылы жасының кішілігіне байланысты сайысқа қатыса алмай қалғандар. Биыл 8-ге толып, енді үлкен сахнаны бағындыруға дайын отыр. Парижге жолдама жеңіп алуды аңсаған мына жеткіншек французша әнді жаттап алған. Байқауға қатысу үшін Диана таңғы алтыда ұйқысынан оянып алыпты. Сөйтіп, анасын қояр да қоймай осында қарай сүйреген.

Гүлдана Ықыласова:

- Кішкентай кезінен өзі өлең айтып, өзі дайындалады. Вокалға берген жоқпыз.

Бір ғана Алматыдан «Бала дауысына» қатысуға жүздеген жеткіншектен өтініш түсіпті. Қазылар алқасы осыншама баланың ішінен тек біреуін ғана таңдап алуы тиіс. Озып шыққаны финалда Алматының абыройын қорғайды.

Толғанай Хасен, «Бала дауысы» балалар ән байқауының ұйымдастырушысы:

- 8-12 жас аралығында балалар арасында іріктеу өткізіледі. Және де әрбір балаға авторлық ән жазылады. Және де байқаудың соңында 17 финалисттің қатысуымен концертпен қоса, мюзикл өткіземіз.

Ал бас жүлде - Парижедгі Диснейлэндке тегін жолдама. Оған қосып музыкалық оқу орнына грант ұтады. Ал жеңімпазды көрермен таңдайды. Айта кетейік, жобаның авторы әрі бас продюсері Әлия Назарбаева. Сайысты ұйымдастырушылар «Жандану әлемі» мен Тұңғыш Президент қорлары.  

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде