{metadescription}
Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?
Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?

Бума-бума ақшамен ұсталған жүргізушінің Талдықорған әкіміне қандай қатысы бар?

Талдықорған әкіміне қатысты тексеріс басталды. Алматыда бума-бума ақшамен және қарумен ұсталған жүргізушінің Дастан Шалтабаевқа қатысы болуы мүмкін. Заң бұзғаны үшін ұсталған Тойота Камридің жүк салғышынан доллар, травматикалық тапанша және көлік нөмірлері табылды. Полицияның хабарлауынша, ақша айналымға арналмаған.

Оған қоса темір тұлпарды тізгіндеген жүргізушінің көлік айдауға рұқсат беретін куәлігі жоқ екен. Автокөліктің де құжаттары талапқа сай емес болып шықты. Енді ұсталған ер адамның Талдықорған қаласының басшысына қандай қатысы бар екені тексеріліп жатыр. Алматы облысы әкімдігі баспасөз қызметінің хабарлауынша, Талдықорған қаласының әкімі Дастан Шалтабаев қазір өз жұмысында. Яғни қызметінен шеттетілген жоқ.

Ғалымұрат Жүкел, Алматы облысы әкімінің баспасөз хатшысы:

- Ол кісінің ұлы болуы мүмкін деген мәселе ғой. Сондықтан қызметтік тексеріс рөлде нақты кім отырғанын яғни ұлы ма, басқа ма осыны анықтауы тиіс. Ақшаның да қайдан шыққаны тексеріледі.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде