{metadescription}
Тікұшақ апатынан қаза тапқан екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмай жатыр
Тікұшақ апатынан қаза тапқан екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмай жатыр

Тікұшақ апатынан қаза тапқан екі әскеридің тұлғасын анықтау мүмкін болмай жатыр

Қызылорда облысында қаза тапқан әскерилердің мүрделері түгел табылып, алтауының жеке басы анықталды. Апат орнынан бүгін жеткізілген үш марқұмның денелері зерттеліп жатыр. Сараптама жүргізіп жатқан мамандар, әсіресе, екі әскеридің тұлғасын анықтау аса қиындық тудыратынын айтады.

Рахымжан Әліп, Қызылорда облысы бойынша сот сараптамасы орталығы директорының орынбасары:

- 6-ның тұлғасы анықталды. 7-не тұлғасын анықтау жұмыстары, сараптама жұмыстары тағайындалды. Енді бөлшектеніп кеткен 2 мәйіт бар, соны құрастырамыз, қараймыз, жеке басын анықтаймыз. Ерекше белгілерін анықтаймыз, соған байланысты. Және киімдері бойынша қараймыз. Сол бойынша анықтау жұмыстарын жүргіземіз.

Тікұшақ апатынан қаза тапқан 13 әскери қызметкердің де денелері Қызылорда қаласындағы сот-сараптамалық орталықтың мәйітханасына жеткізілген еді. Кім екені нақтыланғандарды бүгін облыстық аурухананың мәйітханасына ауыстырып жатыр. Жоспар бойынша оларды ертең туған жерлеріне жіберу керек. Ал, сараптама жүргізіліп жатқандары толық танылған соң қайтарылмақ. Апат орын алған Жалағаш ауданында қазір төтенше жағдайлар департаменті мен әскери әуе күштерінің сарбаздары тікұшақ қалдықтарын жинауда.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде