{metadescription}
Атырауда қоқыс контейнері жанынан он айлық сәби табылды
Атырауда қоқыс контейнері жанынан он айлық сәби табылды

Атырауда қоқыс контейнері жанынан он айлық сәби табылды

Ер баланы тұрғындар көріп қалып, тиісті орындарға хабарлаған.

Полицейлердің айтуынша, сәбиден ешкім бас тартпаған. Анасы ұлын азаматтық некедегі күйеуіне қарай тұруға тастап, өзі шығып кеткен екен.

Бірақ, ішімдік ішіп алған азамат 10 айлық баланы баға алмай, оны «Сарыарқа» ықшамауданындағы көпқабатты үйлердің жанындағы қоқыс контейнерінің қасына қалдырып, өзі жөніне кетіпті. Кейін тәртіп сақшылары сәбиді анасына тапсырған. Бірақ кәмелетке толмаған баласына қарамай, міндетін дұрыс атқармаған ата-анаға қатысты қылмыстық іс қозғалды.

Назымгүл Қайсағалиева, Атырау облыстық ПД баспасөз қызметінің жетекшісі:

- Дәрігерлердің бақылауынан кейін бала өзінің отбасына тапсырылды. Қазір отбасында дін аман. Аталған фактіге қатысты ҚР ҚК-нің 140 бабының 2-ші бөлігіне сәйкес, сотқа дейінгі тергеп-тексеру амалдары жүргізілуде.

ЖӘНЕ ҚАРАҢЫЗ
ЖӘНЕ ОҚЫҢЫЗ

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде