{metadescription}
Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауына іріктеу өтті
Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауына іріктеу өтті

Ақтөбеде «Бала дауысы» байқауына іріктеу өтті

Оған қатысқан жүздеген өнерпаздың ішінен аймақ атынан біреуі ғана ақтық сынға қатыса алады. Бұл жолы ұйымдастырушылар байқау шартына біраз өзгеріс енгізген. Бұрын іріктеу кезінде балалардың өнерін тек әділқазылар ғана тамашалайтын болса, бұл жолы көрермендер көзінше ән шырқады.

«Бала дауысы» байқауына тек 8 жастан асқан балалар ғана қатыса алады. Бірақ ұйымдастырушылар іріктеу сынына келген бүлдіршендердің де бетін қақпады. Сыннан өтпесе де, кішкентайынан сахнаға төселгені жөн деп шешкен. Іріктеу сынына екі жүзге жуық бала қатысты. Барлығы дерлік қобалжып жүр. Еліміздегі ерекше байқауға қатысудың өзі мәртебе.

Айымжан Сағидоллаева, байқауға қатысушы:

- Бұл сайыста жеңемін деп ойлаймын және де ата-анамның үмітін ақтаймын. «Бала дауысына» көптен бері дайындалып келе жатырмын.

Ұйымдастырушылар іріктеу сынына бірқатар өзгерістер енгізіпті. Бұрын балалар өнерін тек әділқазылар тамашалап, бағасын беретін. Ал бұл жолы көрермендер көзінше ән шырқады.

Толғанай Хасен, байқау ұйымдастырушысы:

- Тыңдалымның ерекшелігі тыңдалымға балалармен бірге ата-аналарпы кіре алады. Бұрын-соңды бізде ондай болмаған. Яғни, бұл байқауымыздың ашықтығын, әділдігін көрсетеді. Ата-аналар өз балаларының ән айту қабілеттерін және басқа балалармен салыстырмалы түрде көре алады, ести алады.

Республикалық «Бала дауысы» байқауын «Жандану әлемі» мен Тұңғыш Президент қорлары ұйымдастырып отыр. Ақтық сыны қазанда өтеді. Биыл байқауға қатысушылар мюзикл жанрындағы арнайы қойылым қоятын болады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.