{metadescription}
Заңгерлер президент сайлауын бақылауға алады
Заңгерлер президент сайлауын бақылауға алады

Заңгерлер президент сайлауын бақылауға алады

«Заңгерлер әділетті сайлау үшін» республикалық қоғамдық ұйымы осы іске бел шеше кіріспек. Еліміздегі белді деген құқық саласы білгірлерінің басын қосқан ұйым қазірдің өзінде саяси науқанға қатысты пікірлерін білдіріп жатыр.

Сергей Ударцев, заң ғылымдарының докторы:  

- Конституцияның 3-бабында «биліктің қайнар көзі – халық» деп жазылған. Және осы бап бойынша, халықтың атынан президент пен парламент қана сөйлей алады. Соның ішінде кезектен тыс сайлауды тек президент қана жариялай алады.

Аталған ұйымның негізгі мақсаты – науқанды бақылап, қалай жүзеге асыру керектігін заң тұрғысынан түсіндіріп отыру. Ондағылардың айтуынша, өз кезегімен өтетін президент сайлауы заң бойынша желтоқсанның бірінші жексенбісінде өтуі керек болса, кезектен тыс сайлауды өткізу тәртібі туралы еш жерде айтылмаған. Сондықтан оны Орталық сайлау комиссиясы бекітеді. Заңгерлердің айтуынша, кезектен тыс сайлау тәжірибесі көптеген республикалық немесе федеративтік басқару формасындағы елдерде қолданылады. Ал президенттікке үміткер адамның өз-өзін ұсына алмауы ол саяси науқанның беделін түсірмеу үшін керек.

Серік Ақылбай, заң ғылымдарының кандидаты:

- Байқасаңыздар, бір сайлауларда мүлдем сауаты жоқ адамдар да өзін президенттікке ұсынып жатты. Тіпті адам күлетін де жағдайлар болды ғой, көрдіңіздер.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде