{metadescription}
Орталық сайлау комиссиясы бір партияны іздеп таппай жатыр
Орталық сайлау комиссиясы бір партияны іздеп таппай жатыр

Орталық сайлау комиссиясы бір партияны іздеп таппай жатыр

Қаржы министрлігі сайлауға бөлінетін ақшаны қысқарта бастады. Бұған дейін Орталық сайлау комиссиясы саяси науқанды өткізуге 12 миллиард теңге бөлуді сұраған еді. Бірақ шенеуніктер бұл соманы тым көп деп отыр. Ал Орталық сайлау комиссиясы ресми түрде тіркелген жеті партияның біреуін іздеп таппай жатыр.

Қазіргі таңда орталық сайлау комиссиясындағыларға дамыл жоқ. Ең басты мәселе қаржы мәселесін шешіп алу. Себебі орталық сайлау комиссиясы қаржы көлемін биыл екі жарым есеге ұлғайтып, 12 миллиард теңге бөлуді сұраған еді. 

Десе де, Қаржы министрлігі бұл ақшаны көпсініп отыр. Өйткені бұған дейінгі президент сайлауына 5 миллиард теңге жұмсалған. Сондықтан министрлік сметалық құжатты мұқият зерттеп, кейбір шығындарды қысқартып тастаған.

Сәбила Мұстафина, Орталық сайлау комиссиясының хатшысы:

Нарықта тауарлардың бағасы мен көрестілетін қызметтердің ақысы әркелкі. Сондықтан аз уақыт ішінде барлығын ескеріп, есептеу қиын. Аздаған қаржылық қателіктер болуы мүмкін. Қаржы министрлігі құжатты екі күн тексеріп, түзетулерін енгізді. Сөйтіп, науқанға делінген қаржы көлемі қысқарып отыр.

Әзірге соманың нақты қаншаға азайғаны белгісіз. Бірақ бұған қарамастан Орталық сайлау комиссиясы 12 миллиардты қайда жұмсайтындарын есептеп қойған.

Қыруар қаржының 77 пайызы, яғни 9 миллиарды сайлау учаскелерінде қызмет ететін 70 мың адамға жалақы ретінде төленбек. Қалған 3 миллиарды 10 мыңға жуық сайлау учаскелерін жабдықтап, түрлі плакаттар мен ақпараттық түсіндірме қағаздары мен бюллетендерді басып шығаруға жұмсалмақ.

Ал Орталық сайлау комиссиясы осылай ақша есептеп, бас қатырып отырғанда, партиялар үміткерін ұсынып, саяси додаға дайындалып жатыр. Бір қызығы, сайлау науқаны басталғанда үндері бытыл шыға бастайтын жеті партияның бірі жер жұтқандай жоғалып кеткен.

Зәуреш Баймолдина, Орталық сайлау комиссиясының мүшесі:

- Орталық сайлау комиссиясында бір жарым жылдан бері жұмыс істеп келемін. Бірақ «Азат» партиясынан осы уақытқа дейін хабар жоқ. Шақырған жиындарға мүлдем келмейді. Хат жазсақ, жауап қатпайды.

Дегенмен, аты бар да, заты жоқ саяси ұйымның 28-ші сәуірге дейін кандидатын ұсынуға мүмкіндігі бар.

Ал 9-маусымда өтетін президент сайлауына нақты қанша қаржы бөлінетіні енді Үкіметте нақтыланып, бекітілмек. Сондай-ақ, Орталық сайлау комиссиясы науқанға екі мыңға жуық шетелдік бақылаушыларды  шақырмақ. Олар сайлаудың өту барысын қадағалайды.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде