{metadescription}
Атырауда аяқ астынан тұрған қатты жел қаланың астан-кестеңін шығарып кетті
Атырауда аяқ астынан тұрған қатты жел қаланың астан-кестеңін шығарып кетті

Атырауда аяқ астынан тұрған қатты жел қаланың астан-кестеңін шығарып кетті

Аз ғана уақыттың ішінде дауыл бес қабатты үйдің шатырын жұлып, бірнеше машинаны жапырып тастады.

Күтпеген жағдай түс кезінде болды. Дауыл Балықшы ықшам ауданындағы көпқабатты тұрғын үй шатырының 130 шаршы метрге жуық жабындысын ұшырып, ол сол маңнан өтіп бара жатқан үш машинаның үстіне түскен. Абырой болғанда, ешкім зардап шекпеді. Бұл үй 2014 жылы терможаңғырту бағлармасы бойынша күрделі жөндеуден өткен. Құрылыс жұмыстарын жүргізген мердігер компанияның кепілдік мерзімі өткелі де 3 жыл болыпты. Сондықтан, үйдің шатырын енді кімнің жауып, бүлінген көліктерді кімнің қалыпқа келтірері белгісіз. Дегенмен, әкімдік арнайы комиссия құрып, мәселені шешудің жолын қарастырамыз деді. Ал, шатырдың қауіп төндіріп тұрған қалған бөлігін құтқарушылар бекітіп жатыр.

Нұрлан Жаңабаев, Атырау қалалық ТЖБ бастығы:

- Қалған шатырдан қауіп бар. Қазіргі уақытта жергілікті әкімдікпен бірлесіп, сыммен байлау жұмыстарын жүргізіп жатырмыз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде