{metadescription}
Шымкентте бір жасар сәби улы химикат ішіп ауруханаға түсті  
Шымкентте бір жасар сәби улы химикат ішіп ауруханаға түсті  

Шымкентте бір жасар сәби улы химикат ішіп ауруханаға түсті  

Мегаполис маңындағы Қарабұлақ ауылына Өзбекстаннан қыдырып келген келіншек, перзентім көзді ала бере удан ұрттап жіберді деп ақталады.

Сарбиназ Аронова, Өзбекстан азаматшасы:

- Қызым туысымның үйінде ойнап отырған. Сөреде тұрған «Супер чистотел» косметикалық сұйықтығы үстіне құлап түсіпті. Аузы ашық қалған соң содан ішіп қойыпты. Содан жан дауысы шырылдап шықты. Бірден жедел-жәрдеммен ауруханаға әкелді.

Аузы күйген бөбек ауруханаға хәл үстінде жетіпті. Алайда, жылдам көмек көрсетілген соң беті бері қараған. Жалпы, денеге шыққан сүйел, папиллома секілді сүйкімсіз артық еттерден емдеуге арналған сұйықтық өте улы саналады. Сондықтан дәрігерлер ауыз қуысы күйген шақалақты оңай құтылды деп отыр. Бүлдіршін бүгін қиналмастан тамақтанып та жатыр. Ақ халаттылар өзбекстандық сәбиді бірнеше күнде үйіне жіберуге болатынын айтады.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде