{metadescription}
Алматы облысында уланған оқушыларға қойылған диагноз дау туғызды
Алматы облысында уланған оқушыларға қойылған диагноз дау туғызды

Алматы облысында уланған оқушыларға қойылған диагноз дау туғызды

Алматы облысында бір мектептің 16 оқушысы уланып қалды. Ата-аналарының айтуынша, балалардың барлығы да мектеп асханасынан тамақтанған. Құрғақ ұнтақтан дайындалған сусыннан улануы мүмкін деген болжам бар. Сабақ үстінде өздерін жайсыз сезінген оқушыларға жедел жәрдем де шақырылмаған дейді ата-аналар. Тек ұйықтатын дәрі салып, үйіне қайтарған көрінеді. Ал дәрігерлер балалар кір қолдарымен ас ішіп, ұшынған деген ұйғарым жасапты.

Алайда асханада санитарлық талаптардың сақталмауына қатысты қылмыстық іс қозғалып, полиция тергеуді бастады.

Ауыл мектебінің асханасын тәртіп сақшысы күзетіп тұр. Ол тілшілерді ішке кіргізбей, біраз қарсыласты. Ал ішінде бет-аузын бүркеп алған СЭС мамандары отыр. Оларды сабақ үстінде іші өтіп ауырған 16 баланың ата-анасы шақырыпты. Барлығы да бастауыш сынып оқушылары екен. Ата-аналардың айтуынша, басы айналып, жүрегі айныған балаларға жедел жәрдем шақырылмапты.  

Жазира Әлімова:

- Екі қызым алдымнан шықты. Анальгин мен димедрол салған да үйге жіберген. Киімін шешіп үлгермеді, жатқан да ұйықтаған. Сол жатқаннан сағат бесте әрең тұрғыздық. Ал кішкентай 2-сыныптағы қызым сағат алты жарымда тұрды.

Ұйықтап оянған оқушылар әрі қарай да өздерін жайсыз сезінген. 8 баланың халі нашарлай түскен соң, түн ортасында жедел жәрдем шақыртқан. Ал ертеңіне болған жайтқа асхана емес, ата-аналар кінәлі боп шығыпты. 

Қабақ Жігерұлы:

- Уланбаған деген диагноз шығарып беріпті. Қолдарын жумағандықтан, ата-аналардың өздерінен деп. Сонда біздің кінәміз бе екен? Шындығын айтпай отыр. Бүркемелеп отыр. Қылмысты ата-анаға жауып отыр.

Ауруханаға балалармен бірге мектеп директоры да барған екен. Түнімен оқушылардың жанында болдым деген басшы диагноз белгілі болмағанша кетпеген.   

Бибігүл Сейсебаева, Толқын орта мектебінің директоры:

- Уланбаған деді. Жай астан ұшынып қалған. Ол тәтті сусыннан болуы мүмкін деді. Тамақтан болмаған. Сондықтан, сусын бермеңдер деді.

Ауыл мектебінің асханасы жалға берілген. Ұнтаққа су қосып балаларға ішкізіп жүрген кәсіпкер мәзірдің қандай болу керектігін де білмейді екен.

Нұрбүбі Садықова, жеке кәсіпкер:

- Мен оны білген жоқпын, қазір естіп отырмын. Мұндай заттар сатылмау керектігін енді біліп отырмын. Мен бұрын мектепте істеп көрген жоқпын. Мен тендерге 26-қаңтарда қатысып ұтып алдым.

Мектеп директоры мен ақ халаттыларға сеніңкіремеген ата-аналар тәуелсіз сараптамаға сынама жіберіпті. Ондағылар улану болған жоқ деген дәрігерлердің диагнозын мүлдем теріске шығарған. Қазір қылмыстық іс қозғалып, тергеу басталып кетті.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде