{metadescription}
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға төмендетті
Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға төмендетті

Ұлттық банк базалық мөлшерлемені 9 пайызға төмендетті

Мұндай шешім инфляция деңгейіне байланысты қабылданып отыр.

Алдағы уақытта банктердің несиеге қосатын үстеме ақысы азаюы тиіс. Себебі, базалық мөлшерлеме - Ұлттық банктің коммерциялық банктерге беретін қаражат құны. Ең бастысы,  саудадағы әріптес мемлекеттерде инфляция бәсеңдеп, шикізат бағасының құны өскен. Мұнай бағасы тұрақты. Орташа есеппен 1 баррелі  - 64 доллар көлемінде.  Осындай жағымды факторлар базалық мөлшерлемені 9 пайызға төмендетуге мүмкіндік берді. Экономикадағы ішкі сұранысқа келсек, ақылы қызмет бағасы мен тарифтердің жылдық өсуі 1,2 пайызға дейін бәсеңдеген. Халықтың  ақшалай  кірісі 9,4 пайызға көбейіпті. Оның жартысын тұтыну мақсатында алынған несиелер құрайды.

Ерболат Досаев, ҚР Ұлттық банк төрағасы:

- Сыртқы шикізат нарықтарындағы оңтайлы үрдістер. Инфляциялық жағдай қалыпты деп бағаланады. инфляция 4,8 пайыз болды.Негізгі ауыл шаруашылығы дақылдары мен оларды қайта өңдеу өнімдерінің сондай-ақ импорт өнімінің қымбаттауы болып отыр.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде