{metadescription}
Мәскеу биржасы КАSE-нің акцияларын сатып алмақ
Мәскеу биржасы КАSE-нің акцияларын сатып алмақ

Мәскеу биржасы КАSE-нің акцияларын сатып алмақ

Бұл туралы Қазақстан қор биржасының басқарма төрайымы Алина Алдамберген мәлімдеді.

Қос биржа арасындағы сауда-cаттық стратегиялық ынтымақтастық негізінде жүзеге асырылады. 2019 жылдың аяғына дейін 20 пайыз капитал сатылып бітуі тиіс. Бүгін Қазақстан қор биржасының басшысы бірінші тоқсанның қорытындысын жариялады. Екі кезең арқылы жүзеге асырылатын құжатқа 300 миллион рубльден аса қаражат жұмсалады деп жоспарланып отыр. Мамандардың айтуынша, енді КАСЕ капиталын сатуға әрі ірі инвесторларды тартуға жол ашылмақ. Мәскеу биржасы Қазақстан қор биржасының бизнесін дамыту үшін стратегиялық консалтинг жағынан көмектеседі.

Алина Алдамберген, Қазақстан Қор биржасының басқарма төрайымы:

- Биржа кірісі артып келеді. Мәскеу биржасы - саудаланатын акцияларының жиынтық капиталы бойынша әлемдегі үздік 25 қор нарығының бірі. Біз осы арқылы құнды қағаздар саудасын арттырып, ұзақ мерзімді инвестиция тартуды көздейміз.

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде