{metadescription}
Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды
Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды

Ақтөбеде тұрғын үй қатынастары бөлімінің басшысы қамауға алынды

Алаяқтық бабы бойынша айыпталған Жанаргүл Дүйсекенова тергеу кезінде екі ай бойы абақтыда болады.

Күдікке ілінген шенеунік сыбайластарымен бірге отыздан астам адамды сан соқтырған көрінеді. Тұрғындардың біріне мемлекеттік бағдарлама бойынша пәтер алып беруге, ал кейбіріне үй кезегін жылжытып беруге уәде еткен. Жәбірленушілерден жиған ақша 100 миллион теңгеден асып отыр. Бірақ мұнымен бөлім басшысы мүлдем келіспейді. Ал сыбайласы ретінде танылған Гүлайым Нұрмұханова де бұрын әкімдікте істеген. Кейін халыққа қызмет көрсету орталығына ауысқан.

Анар Айтжанова, Ақтөбе облыстық сотының баспасөз хатшысы:

- Өзінің қызмет бабын пайдаланумен ұштасқан алаяқтық жасағаны үшін күдікті деп танылған Дүйсекенова Жанаргүл Балғазықызына қатысты екі ай мерзіміне, яғни 2019 жылдың 10 маусымына дейін күзетпен ұстау түріндегі бұлтартпау шарасы санкцияланды.  

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Загрузка...
Қазір эфирде